Жарсуат бастауыш мектебімізде Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен аталып өтті! Оқушылар, ұстаздар және ата-аналар бұл күнді асыға күтіп, ұлттық киімдерін киіп, мерекелік іс шараға жақсы көңіл-күймен жиналды.
Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. Көпшілік наурыз көже мен түрлі ұлттық тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар, ән айтып, би билеп, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен атап өттік.
Бұл күн – жаңару мен жақсылықтың, ырыс пен берекенің мерекесі! Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын!