Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
1. Жылы киін – Қыста сыртқа шыққанда міндетті түрде бас киім, қолғап, шарф пен жылы аяқ киім ки. Суық тисе, ауырып қаласың.
2. Мұз үстінде абай бол – Мұз қатпаған жерге барма. Қатпаған мұзға шығу өте қауіпті!
3. Шанамен сырғанау – Шанамен тек арнайы орындарда сырғана. Жолға немесе көлік жүретін жерге шанамен түспе.
4. Бейтаныс жерлерге барма – Қар көп түскен кезде, бейтаныс, қар басқан жерлерге бару қауіпті. Ол жер терең шұңқыр немесе су болуы мүмкін.
5. Қар лақтырғанда сақ бол – Достарыңмен ойнағанда қарға тас салып лақтырма. Біреудің көзіне немесе денесіне зиян келуі мүмкін.
6. Көшеде тәртіпті бол – Қыста жол тайғақ болады. Жолдан өткенде абай бол, жол ережесін сақта.
7. Үлкендердің айтуын тыңда – Қыста далада ойнағанда ата-анаңның немесе мұғалімнің айтқанын тыңда.