Бүгін мектебімізде педагогикалық ұжымның кезекті жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыста оқу үдерісін жетілдіру, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу және мұғалімдердің кәсіби даму мәселелері талқыланды.
Жиналыс барысында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетті. Біз бірлесе отырып, білім сапасын арттыруға және оқушыларымыздың дамуына үлес қосуға дайынбыз!