ГУ «Жарсуатская начальная школа отдела образования акимата Мендыкаринского района»
Официальный интернет-ресурс

Мұғалім — жаңа Қазақстанды құру жолындағы ең басты тұлғалардың бірі.

Previous Next

Бәрі де ұстаздан басталады…

 
Ұлт болашағының темірқазығы — білім десек, сол білімнің шамшырағы — ұстаз. Ұстаз — әрбір табыстың, әрбір жетістіктің бастауы. Жас ұрпаққа жол сілтеп, жүрегіндегі ізгілік пен білімді ұрпақ бойына дарытатын ардақты жандардың еңбегі — өлшеусіз.
 
2024 жылы Ұстаздар күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Мұғалім — жаңа Қазақстанды құру жолындағы ең басты тұлғалардың бірі. Ұстаздың беделін арттырып, мәртебесін көтеру — мемлекетіміздің маңызды міндеті» — деп атап өтті.
 
Бұл сөздер — тек құрмет емес, болашаққа жолдама. Себебі, бүгінгі оқушы — ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат. Ал оны қалыптастыратын — ұстаз.
 
Барша ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! Сіздердің адал еңбектеріңіз, төзім мен махаббатқа толы істеріңіз еліміздің болашағына жарық сәуле шашып тұр. Ұстаздар күні құтты болсын!
Записаться на прием