Бүгінгі тәрбиелік сағатымыз – Рахымжан Қошқарбаевқа арналды!
Бастауыш сынып оқушылары ержүрек батырымыздың ерліктерімен танысып, Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасады.
Рахымжан Қошқарбаев – Рейхстагқа алғаш болып Жеңіс туын тіккен қазақ батыры. Балалар оның батылдығы мен отансүйгіштігін үлкен қызығушылықпен тыңдап, үлгі тұтты.
Осындай ержүрек тұлғаларымыз – жас ұрпақтың бойына патриоттық рухты сіңірудің жарқын жолы!