3 қазан 2024 жыл
Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Жарсуат бастауыш мектебінде 3-4 сынып оқушылары арасында республикалық «Алтын Сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Бұл кезеңге 3-сыныптан – 1 оқушы, 4-сыныптан – 1 оқушы қатысты.
Қуанышымызға орай, екеуі де аудандық кезеңге жолдама алды!
Жас зияткерлерімізге алдағы сайыста сәттілік тілейміз!
Білім жолындағы қадамдарыңыз нық болсын!